2021 жылдың 1 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының белсенді студенттері Алматы қаласы Медеу ауданы қарттарына барынша көңіл-күй сыйлап, өз сыйлықтарын табыстады.
Бұл шараның мақсаты - аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі жолын жас ұрпаққа насихаттау, оларды мейрімділікке және болашақта да қажет болатын адамгершілік құндылықтарды, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Ақылдың кенін арқалаған дана қарияларымыздың, ақжаулықты аналарымыздың жастары ұлғайса да, жүректері мен жүздеріне әжім түспесін деп тілейміз! Біз, яғни, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иіп, тағзым етеміз!